Назарбаевтың мемлекет негізін қалаудағы мәртебесі туралы норма бұрыннан бар – Қошанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов келешекте Тұңғыш Президенттің мәртебесі заңнамадағы экс-презиздент туралы нормалармен реттелетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістің баспасөз алаңында Ерлан Қошанов БАҚ өкілдерінің Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституцияға мемлекеттің негізін қалаушы тұлға ретінде енуі туралы сауалдарына жауап берді.

«Мемлекеттің негізін қалаушы деген Конституцияда болады. Ол негізі бар. Ол норма сақталып қалды, тек шамалы нақтыланды. Ол жерден «Елбасы деген» сөз алынып тасталды, - деді Мәжіліс спикері.

Сондай-ақ, ол аталған нормаға қатысты халықтың ой-пікірі қалай ескерілуі мүмкін екенін де айтып өтті.

«Енді ол референдум бола ма, Парламент арқылы өте ме, болашақта шешілетін мәселе. Қазір Конституциялық кеңестен сол рәсімді біз өткізуіміз керек. Заңнамада экс-президент туралы норма бар. Бірінші Президентке де сол норма қатысты болады», - деді Ерлан Қошанов.

Бұған дейін Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов Тұңғыш Президенттің Ата заңдағы мәртебесі туралы айтып берген еді.


Соңғы жаңалықтар