Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында тұңғыш рет сөз сөйлеген видеосы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында сөз сөйлеген тарихи видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы 5 қазанда Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында сөйлеген бірінші тарихи сөзі. Онда Елбасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті құру бойынша бастаманы жариялады», делінген министрліктің Telegram-дағы каналындағы жазбада.

Соңғы жаңалықтар