Назарбаевтың антиядролық қозғалыстағы көшбасшылығы атап өтілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Парламентшілер ядролық қаруды таратпау және жою жолында» (PNND) халықаралық ұйымының жаһандық үйлестірушісі Алан Варэні қабылдады.

Төраға «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясын табысты өткізуге қосқан қомақты үлесі үшін парламенттік ұйымға алғыс айтты. Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған форум биылғы 29 тамызда Астанада өткен болатын.

А.Варэ тамыз конференциясының қатысушылары қабылдаған «Астана көзқарасы: радиоактивті түнектен ядролық қарусыз әлемге қадам» декларациясын БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдарда таныстырылғаны туралы хабардар етті. Үйлестірушінің айтуынша, халықаралық қоғамдастық қарусыздану және оны таратпау саласындағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы мен сындарлы ұсыныстарын атап өтуде. PNND Қазақстанның, оның ішінде еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болған кезеңдегі саясатын жан-жақты қолдауды жалғастыра беруге ниеттеніп отыр. 

Соңғы жаңалықтар