Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас таланттары Шымкентте бас қосты

None
None
 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде дәріс алып жүрген жас таланттар Шымкентте бас қосты. Биылғы дәстүрлі Наурыз кездесуі ЭКСПО-2017 әлемдік көрмесіне арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Биыл 7-ші рет ұйымдастырылған басқосу  «Ғылымның шексіз сырлары» тақырыбында өтті. Онда медицина, физика, инженерия, география, математика және өзге де ғылым салаларындағы инновациялық технологиялар бойынша сессиялар ұйымдастырылды. Сонымен қатар,  еліміздің түпкір-түпкірінен келген балалар тәжірибе алмасып, білімдерін шыңдады.

Басқосуға ойларын ғылыммен ұштастырған жас ғалымдар тың жобаларымен келіпті. Солардың бірі   Ерасыл Маратов  әр өсімдікке қажетті су құйып, бағбанның рөлін атқаратын ақылды машинасын таныстырды. «Бұл робот келешекте ауыл шаруашылығын өркендетуге септігін тигізеді», - дейді өнертапқыш. Бұл жиынға ғылыми  жобалары назарға іліккен Альбина Абдосова, Сәуле Құрманғазы, Еркежан Манекина секілді саңлақ шәкірттер де келді. Наурыз кездесуі барысында жас дарындардың SТЕАМ инновациялық идеялары, оның ішінде баламалы қуат көздері бойынша ғылыми жобалары қорғалды. TEDх инновациялық жобалары таныстырылды. - Бұл шаралар оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуіне жағдай жасайды,- дейді мамандар. Болашақта игі бастаманы  барлық мектептерде  енгізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар