Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері білімдерін қайда жалғастырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова оқу ордасының түлектеріне бірқатар жоғары оқу орындары қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

"Жапон университеттерінің өкілдері келіп, кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыл сайын Гонконг инженерлік университеті 20-30 тегін грант бөледі. Корея университеттері де грант бөледі, біздің базада өз көрмелерін өткізіп жатыр. Жақында біздің балалар оқуға түскен Мәскеудің жоғары экономика мектебінен хат алдым. Отандық университеттер де, әсіресе Қазақ-Британ университеті, IT-университет, Қазақ ұлттық университеті үлкен қызығушылық танытып отыр", - деді К.Шамшидинова Астанада өткен ІХ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда.


Басқарма төрайымының айтуынша, НЗМ түлектерінің 90 пайызы қазақстандық ЖОО-ларда мемлекеттік немесе университет грантымен білім алуда. Оның 24% Назарбаев Университетінде оқыса, 10% - шет елдерге аттанады. Өткен оқу жылы Назарбаев зияткерлік мектептерінен 400 оқушы түлеп ұшқан.

Бүгінде Қазақстан өңірлерінде 21 мектеп ашылған, онда 13 мыңнан астам бала білім алып, 2 мыңнан астам мұғалім жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар