+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

«Назарбаев Зияткерлік мектептеріне» жаңа басқарма төрайымы тағайындалды

2019 жылғы 8 сәуір 10:43
Бөлісіңіз:
«Назарбаев Зияткерлік мектептеріне» жаңа басқарма төрайымы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Светлана Испусинова Басқарма төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат nis.edu.kz сілтеме жасап.

Светлана Бағытқызы Испусинова Зияткерлік мектептер жүйесінде 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол адами ресурстарды басқару департаментінің директоры, атқарушы директор лауазымдарында істеп, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап - Басқарма төрайымының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Ол барлық кәсіби біліктілігін білім беру жүйесіне арналған. 1978 жылы Гурьев педагогикалық университетін «тарих және қоғамтану» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Тарих, мемлекет негізі мен құқығы пәндерінің мұғалімі, сыныптан және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастырушы, Атырау және Тараз қалаларында мектеп директоры қызметтерін атқарған.

1999 - 2002 жылдары Атырау облысы білім басқармасының басшысы, 2003 -2007 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде бөлім басшысы, Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры, 2007 - 2008 жылдары «СИТ» АҚ Инновациялық технологиялар департаментінің директоры, «Kazsatnet» АҚ Пайдалану департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

«Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі» және «Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конститутциясына 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT