+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Назарбаев Зияткерлік мектептері UNESCO сыйлығын иеленді

2019 жылғы 11 қазан 18:08
Бөлісіңіз:
Назарбаев Зияткерлік мектептері UNESCO сыйлығын иеленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Назарбаев Зияткерлік мектептері UNESCO «Wenhui Award -2019» сыйлығын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да үш балабақшада қазақтілді топтар жабыла ма? - Білім басқармасының жауабы Өскеменде биыл 7 балабақша ашылмақ 2020 жылы Маңғыстауда тоғыз жаңа балабақша салынады

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шәмшидиноваға Алматыдағы кластерлік бюро директоры Криста Пикаттың қолы қойылған құттықтау хаты келген.

«Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан және Өзбекстан бойынша UNESCO-ның кластерлік бюросының атынан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына деген құрметімді білдіремін. Сондай-ақ, асқан қуанышпен Сіздердің ұйымдарыңыз UNESCO Wenhui Award 2019 сыйлығын жеңіп алғанын хабарлаймын», – делінген Криста Пикаттың хатында.

NIS - UNESCO-ның білім саласындағы сыйақысын иеленген Қазақстанның бірінші өкілі. Wenhui Award университет пен мектеп арасындағы «Білім–2030» жобасын ілгерілету жолындағы серіктестікті дамытуға бағытталған.

«UNESCO сыйлығы қазақстандық инновациялық мектептерге сапалы білім мен өмір бойы білім алуға ықпалдасатын университеттер мен мектептер арасындағы табысты серіктестік үшін, балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және жаһандық азаматтыққа бейімдеу жолындағы еңбек үшін беріледі. Финалдық кезең номинанттарының ішінде Австралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланка елдерінің беделді университтері болды» делінген баспасөз баянында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Білім, ЮНЕСКО,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT