+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Назарбаев зияткерлік мектебінің 8 оқушысы ауруханаға түсті - Алматы облысы

2017 жылғы 20 сәуір 21:18
Бөлісіңіз:
Назарбаев зияткерлік мектебінің 8 оқушысы  ауруханаға түсті - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бірінен соң бірі ауруханаға түсіп жатыр.

null
Бүгін бір күнде 8 оқушы инфекциялық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауруханаға түскен балалардың сөзінше, олар мектептегі асханадан тамақтанғаннан кейін өздерін жайсыз сезініп, құсып, іштері өткен. Қазір барлығы дерлік тиісті емдерін қабылдап жатыр. Дәрігерлер науқастардың жалпы жағдайы орташа деп бағалауда.

«Асқазан-ішек жолдары негізінен зақымданған. Қазіргі клиникалық белгілері асқазан-ішек жолдарының зақымданғанын көрсетіп тұр. Шұғыл хабарлама санэпидстанцияға жіберілді», - деді дәрігер Күләйша Өнер.

Ал Назарбаев зияткерлік мектебіндегілер бұл жайт бойынша әзірге сұқбат бере алмайтындарын айтты.
null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT