Назарбаев жас қазақстандықтарға: Тәуелсіз Қазақстанымызды сақтай біліңіздер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде қазақстандықтарға Тәуелсіз Қазақстанымызды, ортақ Отанымызды, Мәңгілік елімізді сақтай білуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз әлемнің бір орында тұрмай, үнемі өзгеріп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Жаңа мүмкіндіктермен қатар, жаһандық жаңа технологиялық, демографиялық сын-қатерлер туындап, әлемнің тәртібі мен тұрақсыздана бастау үстінде. Әрбір ұрпақтың атқаратын өз міндеттері бар. Мен және менің замандастарым еліміз үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Ендігі ұрпақ бұдан да жақсы істеп, жаңа жетістіктерге жеткізсін. Біз жасаған жұмыстың нәтижелері өздеріңізге белгілі. Әлем өзгеріп, жаңа буын келе жатыр. Бұл - табиғи процесс. Олар өз заманының проблемаларын шешетін болады. Сондай-ақ, елімізді одан ары өркендету үшін бар күш-жігерін жұмылдыруы тиіс. Әлеммен бірге біз де өзгеруге тиіспіз. Жас қазақстандықтарға айтарым - Тәуелсіз Қазақстанымызды, ортақ Отанымызды, Мәңгілік елімізді сақтай біліңіздер», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент өз сөзінде Қазақстан - ұлы бабаларымыздың жері екенін атап өтті.

«Отанымыз да, жеріміз де бәріміз де біреу. Халқымыздың достығы мен бірлігін, бір-бірімізге деген сенімді сақтап, еліміздегі әрбір азаматтың төл мәдениеті мен дәстүрін құрметтей біліңіздер. Сонда ғана біз мықты болып, сын-қатерлердің бәріне төтеп береміз», - дейді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар