Назарбаев ядролық державаларға полигондардың инфрақұрылымдарын жоюды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ядролық клуб мүшелері өз аумақтарындағы полигондардың инфрақұрылымдарын жоюы тиіс. Мұндай ұсынысты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ядролық клуб мүшелері жаппай қырып-жою қарулары саласындағы өздерінің саясаттарын түзету есебінен міндеттемелер мен шектеулер қабылдауы тиіс. Бұл ретте, олардың ядролық кешендерді жаңғыртуға қолдау көрсетудің дәстүрлі тәжірибесінен тежелуі маңызды. Аумақтарында полигондар орналасқан мемлекеттерге полигондардың инфрақұрылымдарын жоюды ұсынамын. Қазақстанның тәжірибесі бар. Ол Ресейде де, АҚШ-та да бар. Біз олармен бөлісуге дайынбыз», - деді Елбасы «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсімінде.

ҚР Тұңғыш Президентінің атап өтуінше, соңғы 20 жылдың ішінде Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартын әмбебаптандыру ісінде және мониторингтің халықаралық жүйесі көмегімен оның сақталуын бақылауда айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. Дегенмен, аталған шарт күшіне енуі үшін әлемдік қоғамдастық барынша табандылық танытып, оны әлі күнге дейін ратификацияламаған елдерге қабылдату қажет.

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты тетіктері режимін барынша нығайтуды түбегейлі әмбебаптандыруға қол жеткізу маңызды. Әлемге ядролық қарудың көбейіп, таралуына қарсы қатаң шаралардың жұмыс істейтін шынайы тетігі қажет. Дүниежүзілік ауқымдағы мұндай шартты БҰҰ қабылдаған. Мұнан кейін де Үндістан мен Пәкістан ядролық мемлекетке айналды. Сондықтан біз қабылдаған бұл шарттың қатаң шаралар тетіктері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарымен күшейтілуі тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Соңғы жаңалықтар