Назарбаев университетінде Атлетика орталығы ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Назарбаев университетінде ҚР Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Атлетика орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай «Твиттердегі» парақшасында Атлетика орталығының ашылу салтанатынан видео жариялады. Шағын видеода жастардың ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың отырғанын көруге болады. Спортқа бейім жастар көптің алдында каратэ мен дзюдодан өнерін паш етті. Елбасымен бірге орталықтың ашылу салтанатына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов пен Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу қатысты.
null null null null null

Атлетика орталығы - жалпы ауданы 19 мың шаршы метрді құрайтын, 660 көрерменге арналған олимпиадалық бассейн және паркеттік аренасы бар көпқызметті спорт ғимараты. Сондай-ақ, мұнда сквош-корт, жекпе-жек залы, жаттығу залы, семсерлесу орны, кафетерийлер мен кеңселік үй-жайлар бар.

Еске сала кетсек, Назарбаев университетінде салтанатты түрде V оқу бітіру рәсімі өтіп жатыр. Биыл аталмыш университеттегі түлектер саны - 963 студент. Оның ішінде 565 студент - бакалавриат, 378 студент - магистратура, 14-і - медицина докторы және 6 студент - докторантура бағдарламасы бойынша оқу бітіріп жатыр.

Түлектердің көпшілігі - Ғылым және технологиялар мектебінің (270 түлек), Инженерия мектебінің (225 түлек), Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (168) бакалавриат бағдарламасының студенттері. Магистрлік бағдарлама бойынша Жоғары бизнес мектебін - 82 студент, Жоғары білім беру мектебін - 80 түлек, Жоғарғы мемлекеттік саясат мектебін - 49 түлек, Инженерия мектебін - 70 түлек, Ғылым және технологиялар мектебін - 34 түлек, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебін - 19 түлек, Медицина мектебін - 27 түлек, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылым мектебін - 20 түлек аяқтаған.

Соңғы жаңалықтар