Назарбаев Ұлттық Олимпиада комитеттері Халықаралық қауымдастығының президентін марапаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты кеште Ұлттық Олимпиада комитеттері Халықаралық қауымдастығының президенті Шейx Аxмад Әл-Фаxад Әл-Сабаxқа "Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапаттады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Біздің қуанышымызбен ортақтасу үшін елімізге Ұлттық Олимпиада комитеттері халықаралық қауымдастығының президенті Шейx Аxмад Әл-Фаxад Әл-Сабаx келіп отыр. Оған барлық жақсылықтар тілеймін. Маған ол кісіге мемлекетіміздің 25 жылдық тәуелсіздігіне арналған мерейтойлық медальмен марапаттауға рұқсат беріңіздер!", - деді Елбасы салтанатты шарада.
null  

Айта кетейік, Қазақстанның Олимпизм қозғалысына ресми түрде енгелі бері еліміздің спортшылары 13 Олимпиадаға қатысып, жалпы саны 67 медаль жеңіп алды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты кешке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Астана әкімі Әсет Исекешев, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, депутаттар, шетелдік дипломаттар, сонымен қатар Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері - Серік Сәпиев, Александр Винокуров, Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, Бақтияр Артаев, Елдос Сметов, Жазира Жаппарқұл, Гүзел Манюрова, Әділбек Ниязымбетов қатысуда.

Соңғы жаңалықтар