Назарбаев Үкіметке тұрғын үй бағдарламаларын қайта талдауды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрғын үй бағдарламаларына қайта талдау жасауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің дерегінше, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 3700 қазақстандық баспаналы болды. Дегенмен, халықтың барлық санатына бірдей тұрғын үй бағдарламаларының қызығуын көру бұйырмай отыр. Оған жеткілікті табыстың болмауы, салынып жатқан үйлердің тапшылығы сынды факторлар әсер етуде.

«Мен «кімде баспана жоқ, соған бер» десем, әкімдер «баспана жағдайын жақсартқысы келгендерге берейік» дейді. Әрине оларға беруге болады. Алайда олардың саны артып кетеді. Одан да баспанасы жоқтарға берейік. Үйі барлар оны арзан бағамен алады да жалға беріп қойып ақша табады. Ал біз бүгінде баспанасы жоқтарды қамтамасыз етуіміз қажет. Ал олар ең алдымен жас отбасылар. Сондықтан халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибелерді ескере отырып, халықтың барынша мол санатына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй бағдарламаларымызды қайтадан бір талдауды тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмысшы жастарға арналған 1 мың пәтер салынатындығын айтты.

Соңғы жаңалықтар