+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Назарбаев Тәуелсіздіктің елең-алаңында Парламентті не үшін таратып жіберді

2016 жылғы 1 желтоқсан 12:33
Бөлісіңіз:
Назарбаев Тәуелсіздіктің елең-алаңында Парламентті не үшін таратып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республикалық жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің елең-алаңында Парламентті не үшін бірнеше мәрте таратып жібергенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір бұл зал осы жерге жиналған 1,5 мың жас қазақстандықтың позитивті энергиясына толы. Сіздер тәуелсіздік құрдасысыңдар. Сіздер әкелерің мен аналарың өмір сүрген бұрынғы кеңестік жүйе жайында және Қазақстанның даму бастауындағы қиындықтардан ештеңе білмейсіздер. Сіздер басқа өмірді білмейсіздер. Бірақ, тәуелсіздіктің тек бізге ғана емес, барлық халықтар үшін оңай келмейтіндігін, үлкен қиындықтармен келетіндігін білуге тиіссіздер», - деп атап өтті Елбасы.

Мемлекет басшысы еліміздің егемендігінің қиын-қыстау кезеңінде инфляция өршіп, жұмыссыздық белең алғандығын, кәсіпорындар тоқырап, зейнетақы, жалақы болмағандығын баса айтты. Ел дамуының елең-алаңындағы қиындықтар жайында да сөз қозғады.

«Барлық жауапкершілікті өз мойныма алуға тура келді және ескі жүйе бойынша сайланған Парламент жаңа реформалар жүргізуге қарсылық танытты. Оларды айыптауға да болмады. Олар өзге формацияның адамдары еді. Жекешелендіру, нарық, еркін экономика және саясат сынды сөздер түсініксіз болды әрі олар қолдамады. Міне, сол бір буырқанған жылдары биліктің күрделі текетіресі жағдайында Парламентті бірнеше мәрте таратуға және барлық жауапкершілікті өз мойныма алып, 5 айдың ішінде заңды күші бар 147 заң, президент Жарлығын дайындап шығаруға тура келді. Дәл осы жайт Қазақстанның басқа посткеңестік елдерге қарағанда бірнеше қатар алға жылжуына септігін тигізді», - деді Назарбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT