+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Назарбаев сайлауды мажоритарлық жүйемен өткізу керек дейтіндерге жауап берді

2019 жылғы 21 тамыз 12:21
Бөлісіңіз:
Назарбаев сайлауды мажоритарлық жүйемен өткізу керек дейтіндерге жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәслихаттың келесі сайлауы партиялық тізім бойынша өтеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу жобасы аясында ашық пікірсайыс өтті Ақтөбеде «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу жобасы аясында ашық пікірсайыс өтті Түркістанда «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу жобасы аясында ашық пікірсайыс өтті

«2018 жылы сайлау заңнамасын жетілдірдік. Мәслихаттардың келесі сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өткізілейін деп отыр. Мәслихаттың келесі сайлауы Мәжілістегідей партиялық тізіммен өтеді. Жекелеген оппоненттердің немесе блогерлердің мерзімінен бұрын Парламент сайлауында мажоритарлық жүйесіне оралуды және тағы басқаларды ұсынып жатқанын естіп отырмыз. Бүгін мұндай сөз сөйлеушілерге жауап беру қажет», - деді Елбасы.

Қазақстан Тұңғыш Президенті сайлаудың мажоритарлық жүйесіне көшуді қолдап жүргендердің нақты ұсыныстары жоқ екендігін баса айтты.

«Бұл жерде негізді аргументтері жоқ, әдеттегідей тек қана әңгіме ғана. Билікті сынап сөйлегендері бос сөз ғана. Тым болмаса біреуі қалай істеу керектігін ұсынып, қалай жасау керектігін көрсетсе ғой. Демократияның шамшырағы деп жүрген Еуропадағы 30 дамыған елдің қатарына кіретін мемлекеттердің 63 пайызы сайлауды пропорционалды жүйемен өткізеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, мажоритарлық жүйедегі сайлау негізінен Азия елдеріне тән болып келеді.

«Яғни, пропорционалды жүйе үздік әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді. Саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға септігін тигізіп, толықтай алғанда саяси партияның қызметін жандандырады», - деді еліміздің Тұңғыш Президенті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT