Назарбаев пен Монако xанзадасы электрокармен ЭКСПО-ны аралады

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға келген Монако xанзадасы II Альбертпен бірге осы елдің павильонын аралап көрді. Бүгін ЭКСПО көрмесінде Монаконың ұлттық күні тойлануда, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1
Таңертең даладағы шатырда мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған Монако xанзадасы  II Альберт мен Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.  Осыдан кейін делегациялар осы елдің павильонына өтті. Сол жерде барлығы жиналып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алды. Осыдан кейін екі елдің басшылары павильонды аралап шықты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен II Альберт еріктілермен фотоға да түсті. Айта кеткен жөн, xанзадамен бірге оның жұбайы Стефани де келді. Монако павильонынан кейін делегациялар электрокармен "Нұр-Әлемге" барып, қазақстандық павильонды аралап көрді.

Айта кетейік, Қазақстан павильонында Күннің ішіне кіріп, Айда серуен жасауға болады. Ол жерде күн, жел, су, биомасса, ғарыш, тіпті қозғалыс энергиясының озық үлгілерімен танысуға мүмкіндік бар .  Ал Монако павильоны мұxит тақырыбына арналған. Себебі аталған мемлекет мұxиттің жағасында орналасқан. Оған кірген бойда судың астына сүңгігендей әсерде боласың. Ал төбеде айнамен қапталған коллоналар қозғалып, төменнен түсетін проекциялық фильм көрсетілгенде теңіздің астымен де, үстімен де өтіп, Монаконың өзіне сапар жасауға болады. Одан кейін дүрбі іспеттес құрылғылардың көмегімен қала көшелерін жүріп келуге мүмкіндік бар. Олимпиада чемпионы Александр Винокуровың демеушілігімен құрастырылған бамбук-велосипед те сонда тұр . 

3 5 4 6 7 null 8 9 1 2 3 4 

Соңғы жаңалықтар