Назарбаев Орталығы конфессияаралық диалогты дамыту жөнінде БҰҰ-мен серіктестікті нығайтпақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Н.Назарбаев Орталығы конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөнінде БҰҰ-мен серіктестігін нығайтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаһандық әлемде дінаралық және өркениетаралық диалогты алға жылжытуда пәрменді әдістерді қолдану мақсатында Н.Назарбаев орталығы Біріккен Ұлттар Ұйымымен байланысын нығайтуда.

БҰҰ және Қазақстан көптеген ауқымды мәселелер шеңберінде, оның ішінде бейбіт, дамушы және қауіпсіз болашақ орнату үшін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық үрдістерге бағытталған тұрақты даму саласында мақсаттарға қол жеткізу бойынша нәтижелі ынтымақтастық жүргізеді.

Осы мақсаттар шеңберінде Н.Назарбаев орталығы тарапынан әлемде дінаралық және өркениетаралық диалогты дамыту үшін БҰҰ-мен ынтымақтастықты орнату, кеңейту және тереңдету жұмыстары белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен құндылықтарын алға жылжыту, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылы VII Съездің бағдарын айқындау мақсатында Басқарма төрағасы БҰҰ Бас директоры аппаратының өкілдерімен кездесу барысында Орталықтың қызметін таныстырды.

БҰҰ-ның Женева бөлімшесінің бас директоры аппаратының жетекшісі Давид Чикваидземен кездесуде алдағы өтетін VII Съездің тақырыбы, дінаралық саммитке БҰҰ жоғары тұлғаларының қатысу мүмкіндігі, Орталықтың БҰҰ-мен өзара қатынасын реттеу механизмдері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, Швейцария Ислами мәдени қорының Бас директоры Ф.Зафиан, Конфедерация Орталық мешітінің бас имамы Нуриддинмен және ислам орталықтарының еуропалық ұйымдарының Президенті М.Зианмен кездесулер өтті.

Швейцариядағы ең ірі мешітте өткен кездесу барысында Орталықтың қызметі таныстырылып, адамзат бауырластығы құжаты туралы пікірлер алмасты. Қорға қазақ рухани қайраткерлері немесе ағылшын, француз тілін игерген дінтанушы мамандарды дәріс оқуға шақырту жөнінде пікірлер айтылды.

Бүкіләлемдік Лютеран Федерациясының басшысы Мартин Юнге Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алтыншы съез жұмысын қорытындылай келе, Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Д.Назарбаевамен өткен кездесу мазмұнды әрі жоғары дәрежеде өткендігін атап өтті.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съез жетекшісі Дариға Назарбаевамен өткен кездесу діни рухани кешенділіктен басқа халықаралық ынтымақтастықтың пәрменді институт дәрежесінде бола алатындығын көрсетті» – деп атап өтті Бүкіләлемдік лютеран федерациясының Бас хатшысы.

Орталықтың басқарма Төрағасы діндер форумына көрсетілетін тұрақты қолдау үшін, әсіресе, Съездің және оның жұмыс тобының қызметіне Лютерандық федерация өкілдерінің белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Басқарма Төрағасы Федерацияның Африкамен қатар, басқа да мемлекеттерден келетін 2,5 миллион босқындарға көрсететін әлеуметтік көмегі дін басшыларының әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі болып табылады.

Тараптар 2020 жылдың маусымында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съез Хатшылығының XIX отырысына дайындықты талқылап, алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Жетінші Съезі жұмысына қатысуға ниетін, әрі қарайғы ынтымақтастыққа әзірлігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар