Назарбаев облыс әкімдерінің негізгі жұмысын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдан бастап мыс пен алюминийдің және қара металдың әлемдік нарықтағы бағасы көтеріледі. Бүгін Жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздер үшін аграрлық сектор өте маңызды екендігін білемін. Біз онымен жұмыс істеуге тиіспіз. Энергетика мен инфрақұрылым да маңызды. Дегенмен, индустриалды даму мемлекеттік бағдарламасын қолдау қажет және ең бастысы, ақшаны қайда жұмсау қажеттігін білу керек», - деді Назарбаев.

Осы ретте Президент ақшамыздың да қазіргі уақытта көп еместігін, дегенмен алдағы күннен үміт бар екендігін баса айтты.

«Мен 2017 жылы мыс пен алюминий және қара металл бағасының көтерілетіндігіне және біздің көңіл-күйіміздің жақсаратындығына сенімдімін. Қазір мұнай 54 доллар. Бұл да бізді қанағаттандырады. Яғни, қаржы пайда болған кезде қарқынды даму үшін индустриаландыруға барынша қолданатын боламыз. Тек біздің мамандар қайда жіберу және не істеу керектігін білуі тиіс», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы отандық тауарды экспортқа шығаратын Кавказ, Парсы шығанағы, Қытай және Ресей сынды үлкен нарықтар бар екендігін атап өтті.

«Яғни, бәсекелестік жұмыстар жоқ. Өндірдің бе, барып көз жеткіз және сат. Тіпті Ресей мен Қазақстан облыстарының өңіаралық кездесулерінен де сіздер үкіметті араластырмай-ақ бірлескен  тиімді істер жасай аласыздар. Әкімдер жұмыс істеуі қажет, сіздердің басқа жұмыстарыңыз жоқ. Бәсекеге қабілетті өнім шығару және сол өнімді сатуға көмектесу қажет», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар