Назарбаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының даму қарқынына жоғары баға берді.

Тараптар әр түрлі деңгейдегі өзара сапарлардың және бірлескен келісімдерді жүзеге асырудың арқасында екіжақты сауда айналымы көлемін жылына 1 миллиард АҚШ долларына дейін арттыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко Қазақстан мен Беларусь үкіметтерінің коронавирус пандемиясын еңсеруге бағытталған шаралары туралы пікір алмасты.

Елбасы мен Беларусь Президенті екі ел арасындағы, соның ішінде Еуразия экономикалық одағы аясындағы қарым-қатынастар одан әрі нығаятынына өзара сенім білдірді.

Соңында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі кейбір мәселелерді талқылады.


Соңғы жаңалықтар