Назарбаев кітапханасы мен музейіне кіру талабы жеңілдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі ғимараттары туристерді шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кез келген тілек білдіруші аталған ғимараттарды тегін аралай алады.

null«Әрине, режімдік нысан болғандықтан, алғашында қиындықтар болды. Бірақ, барлық мемлекетте маңызды нысандарға кіруге тексеру жұмыстары жүреді және бұл қалыптасқан заңдылық. Бұдан былай, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі ғимараттарына кез келген қонақ кіре алады. Келушілердің жеке куәліктерін тексеру талабы алынып тасталды. Сондай-ақ, оларға фотоаппарат, бейнекамера құрылғыларын алып кіруге де рұқсат беріледі», - деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рақымжан Астана қаласының туристік фирма өкілдерімен өткен кездесуде.

nullОның айтуынша, келушілер қос ғимаратты дүйсенбіден өзге күндері таңғы 10-нан кешкі 18.00-ге дейін тегін аралай алады. Сағат сайын гидтердің қатысуымен экскурсия ұйымдастырылады.

null«Елбасының Бірінші резиденциясы оң жағалауда орналасқан. Онда Президент 1997-2004 жылдары жұмыс істеген. Өзге ғимараттардан ерекшелігі сол, мұнда Назарбаев қолданған кабинет, қаламсап, телефон, кілем - барлығы өзгеріссіз  сақталған.  Сол жағалаудағы Назарбаев орталығы 2013 жылы ашылды. Бұл бірегей ғимаратты танымал сәулетші Норман Фостер жобалаған. Мұндағы 9 қабаттың 1, 2, 3 қабаттары халық назарына ұсынылады, одан жоғары қабаттарда кеңселер орналасқан», - деп түсіндірді Әмірхан Рақымжан.

Директор орынбасарының айтуынша, қала күні қарсаңында Назарбаев орталығында  «Нұрсұлтан Назарбаев - жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыс көшбасшысы» және «Әлем мойындаған көшбасшы» тақырыбында екі зал ашылады. Соңғы үлгідегі технологиялармен безендірілген бұл залдар мерекедегі айрықша оқиғалардың бірі болмақ.

Соңғы жаңалықтар