Назарбаев Хасан Руханиді Иран Президенті болып сайлануымен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Хасан Руханиді Иран Ислам Республикасы Президентінің сайлауында айқын жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Сайлауға азаматтардың белсене қатысып, Сізді жан-жақты қолдауы - саяси және экономикалық бағдарламаларыңызға халықтың сенімі артқанының дәлелі.

Сіздің басшылығыңызбен Иран өзінің даму жолында жаңа табыстарға қол жеткізетін болады.

Қазақстан мен Иран арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық елдеріміздің игілігі үшін жалғаса береді деп сенемін.

Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Иран халқына бейбіт өмір және бақ-береке тілеймін», - делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар