Назарбаев Баландинге: Алдыңда әлі талай Олимпиада бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық жастар форумы барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасында ең көп медаль әкелген отандық спортшылардың ерен еңбектерін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың қатарында Қазақстан тарихында жүзуден ең бірінші болып Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландин де болды. «Екі жыл бұрын, Олимпиада алдында  Астанаға тек бағалы металл әкелу үшін барлығын жасайтынымызды айтқан едім және Сіздің қолдауыңыздың арқасында бұл біздің қолымыздан келді. Сіз Қазақстандағы спорттың дамуы үшін бәрін жасаудамыз. Соның арқасында бізде әлемдік спорттық аренада нәтижелеріміз жақсарып қана қоймай, салауатты әрі қуатты буын өсіп келеді. Мен жеңісімнің ұлттық құрама қоржынына енгеніне қуаныштымын. Бірақ, қол жеткізген жетістігіммен тоқтамай, жаттығуымды жандандыра түсудемін. Өйткені, болашақта да сіз сияқты Қазақстанның атын бүкіл әлемге танытқым келеді», - деді Баландин.

«Бұл сенің қолыңнан келді. Алдыңда әлі талай Олимпиада бар. Енді ғана 20-ға толып отырсың. Мен өзімнің таныстарымнан сұраған кезімде біреуі: «Дмитрий жеңіске жетеді. Өйткені, онікі аяқ емес, 50-ші размерлі табан», деген болатын. Дегенмен, ең бастысы бұл да емес шығар», - деп қалжыңдады Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Президент стадиондар ретке келтіріліп, жаңа спорт орталықтары салынуын жіті бақылап отырғандығын баса айтты.  

Соңғы жаңалықтар