+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Назарбаев Астана процесіне қатысушыларға үндеу жолдады

2017 жылғы 23 қаңтар 14:28
Бөлісіңіз:
Назарбаев Астана процесіне қатысушыларға үндеу жолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордада басталған Сирия мәселесін реттеу жөніндегі халықаралық кездесуге (Астана процесі) қатысушыларға үндеу жолдады.

Үндеуді келіссөздер барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сирия ахуалын реттеу жөніндегі келіссөздер қатысушыларына сәлем жолдаймын. Сирияда орын алған күрделі ахуал бүкіл әлемдік қоғамдастықтың назарын өзіне аударып отыр. Шамамен 6 жыл бойы жалғасып жатқан қантөгіс жанжал түрлі өркениет пен мәдениет тоғысқан қасиетті өлкеге қайғы-қасіреттен басқа ештеңе әкелмегендігін мойындауға мәжбүрміз. Қазақстан бейбітсүйгіш ел және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнап, беки түсуіне мүдделілік танытады», - деп атап өткен ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы бүгінгі кездесу Сириядағы ахуалды бейбіт реттеуге бағытталған халықаралық қоғамдастық күш-жігерінің жарқын үлгісі саналатындығын баса айтып өтті.

«Қазақстан Сирия ахуалын шешудің жалғыз дұрыс жолы өзара сенім мен өзара түсіністікке негізделген келіссөздер болуы тиіс деп санайды. Еліміздің бүгінгі келіссөздерді өткізу орны ретінде таңдап алынуы да тосыннан емес. Өздеріңізге белгілі, 2015 жылы Астанада жекелеген сириялық оппозиялық топтар арасындағы келіссөздердің 2 раунды өтті. Біз сириялық босқындардың бейнетін жеңілдету үшін 700 мың доллардан астам қаржы бөлдік, таяуда азық-түлік түріндегі 500 тонна гуманитарлық жүк жөнелттік. Астанадағы кездесу барлық мүдделі тараптардың БҰҰ қамқорлығындағы женевалық процесс аясында сириялық дағдарысты оңтайлы шешуді қамтамасыз ететіндігіне және Сириядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату ісіне лайықты үлес қосатындығына сенім білдіремін. Нәтижелі және табысты келіссөздер тілеймін», - деді Назарбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT