Назарбаев әлемдік саясат туралы: Кінәлілерді іздейтін уақыт түгесілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кінәлілерді іздейтін уақыт түгесілді, ымыра мен нақты шешімдер іздеу қажет.

Бұл туралы бүгін «Астана» клубының екінші отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кім кінәлі?» сауалының уақыты ендігі түгесілген. Ымыра мен нақты шешімдер табу кезегі келіп тұр. Тіпті, лаңкестікке қарсы күрес пен Сирия проблемасы мәселесінде де. Егер де барлық елдердің күшін бұл зұлымдықты жеңу үшін бір бағытта біріктірмесе (бұл проблеманы - ред.) шешу мүмкіндігі жоқ. Негізгі мемлекеттер арасындағы сенім жоғалған жағдайда оған қол жеткізу мүмкін емес. Мұндай қарама-қайшылықтарда лаңкестер өте жақсы өмір сүреді», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Қазақстан Президенті Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі түйткілді мәселелерді шешуге осынау күрделі кезеңде қол жеткізілгенін атап өтті.

«Ресей мен Түркия арасында түсініспеушілік те дәл осы уақытта өз шешімін тапты. Яғни, біз мұндай мәселелерді шеше аламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар