+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Назарбаев әлемдік мәселенің түп-төркінін айқын біліп отыр - Равиль Гайнутдин

2018 жылғы 10 қазан 14:20
Бөлісіңіз:
Назарбаев әлемдік мәселенің түп-төркінін айқын біліп отыр - Равиль Гайнутдин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосу арқылы әлемдік мәселенің түп-төркінін айқын біліп отыр. Бүгінгі дін көшбасшыларының VI съезінде Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол өз сөзінде осынау кеңестің өткізілуіне мұрындық болып отырған Қазақстан Республикасының Президентіне алғыс айтты.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өзара ой алмасуына арнайы алаң ұсынып отырғаныңыз - мәселелердің түп-тамырын көріп, бейбітшілік туралы құр сөзден нақты іске көшуге шақырып отырғаныңызды көрсетеді», - деді Равиль Гайнутдин.

Оның айтуынша, мәжбүрлеу мен зорлық-зомбылық сеніммен қабыспайды.

«Әлбетте, діни сенімі берік адамдарды зорлықпен сындыру мүмкін емес. Бірақ менің ойымша, зорлық-зомбылықтың бетін сенім тәжірибесімен қайтаруға әбден болады. Ол үшін ең алдымен адамдардың жүрегіне иман ұялауы керек. Бұл туралы он бесінші ғасырдың өзінде крест жорықтарына қарсы шыққан кардинал Николай Кузанский де айтып кеткен. Оның сенім мен бейбітшілік туралы трактаты әлемге деген сүйіспеншілікке толы, өзге діндердің өкілдеріне ашықтығы тамсандырады», - деді Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы.

Равиль Гайнутдин соғыс машинасы жетілуінің басты себебі - қаруландыруды арттыру, басқа салалардан гөрі әскери-өндірістік кешенге көбірек қаражат бөлу екенін де атап өтті.

«Осының бәрі де соғысқа қатысты айтарлықтай үрей тудырады. Дәл осы үрей жүйке жүйесінің сыр беруіне себепші болып, мұның соңы соғысқа ұласуы ықтимал. Терроризм және қылмыспен қатар, Исламофобия толқыны сезіледі. Бұл толқынның лебі қазірдің өзінде көптеген мемлекеттерде бар, ол жасырын емес», - деді Равиль Гайнутдин.

Еске сала кетсек, елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтіп жатыр. Съез барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, қауіпсіз әлемді қалыптастыру жолында конфессияаралық, өркениетаралық диалог орталығын бекітуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Ватиканның папалық кеңесіне «Дінаралық диалогқа үлес қосқаны» үшін сыйлығын табыс етті. Ал орыс православие шіркеуінің епископы, Волоколам митрополиті, Мәскеу мен бүкіл Русь Патриархының викариі Митрополи́т Иларио́н Астанадағы дәстүрлі дәндер съезі әлемдегі ең ірі форумдардың біріне айналғанын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Дін, Діндер съездері, Ресей,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT