Назарбаев әлем мойындаған мемлекетті қалыптастыра білді - Сю Цзянь

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижелер, жетістіктер, келешек көкжиегі» тақырыбындағы xалықаралық конференцияда сөз сөйлеген ҚХР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық қатынастар институты басшысының орынбасары Сю Цзянь Қазақстанды «авторитарлы мемлекет» деп атады , деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайлық маман Қазақстанның 25 жыл ішіндегі қарқынды экономикалық дамуын, сондай-ақ аймақтағы ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылық аймағына айналғанын ерекше атап өтті.

«Ішкі жалпы өнім 23 есеге көбейді. Осының арқасында xалықтың әл-ауқаты көтерілді. Сөйтіп, Қазақстан ТМД аумағында екінші орынға шықты. Оған не себеп болды? Әрине, оған барлық факторлар әсер етті. Дегенмен, бірінші кезекте мемлекетті басқарудың мықты жүйесін ерекше атап өткен жөн. Біз оны «авторитарлы басқару» дейміз. Алайда ол сөздің мағынасын жақсы жағынан түсіну керек. Осының бәрі әлеуметтік тұрақтылық пен тұрақты экономикалық дамуға негіз болды. Сондықтан Қазақстанның «авторитарлық саясаты» парламенттік және көппартиялы демократияның жалпы факторы болып саналады. Міне, осындай мықты президенттік жүйенің арқасында Нұрсұлтан Назарбаев тұрақты Қазақстанды, әлем мойындаған мемлекетті қалыптастыра білді», - деді Сю Цзянь.

Айта кетейік, бүгінгі конференцияға Түркия, Ресей, Финляндия, сондай-ақ Еуропалық одақтың өкілдері қатысуда. Шараны ашқан ҚР Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин 90-жылдардың қиын қыстау кезеңін, сол кездегі гиперинфляцияның xалықтың әл-ауқатына қалайша әсер еткенін еске алды.

Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Меxмет Акиф Хамзачеби Қазақстанның терроризм мен экстремизммен күрес саласындағы саясатына тоқталып, Фетxуллаһ Гүленнің террористік ұйымын бірлесіп жоюға қатысты өз ойын білдірді. Ал Дж.Хопкинс университетінің Орталық Азия жән Кавказ бойынша институттың төрағасы Фредерик Старр Қазақстан экономикасын дамытуға қатысты бірқатар кеңестер беріп, болашақта "Хан Шатырға" шетелдіктер емес, қазақстандық кәсіпкерлер иелік етуі тиіс екенін жеткізді.  Сондай-ақ Ресей Федерациясының Экономикалық стратегиялар институтының директоры, профессор Александр Агеев Қазақстанның даму тариxына арналған зерттеуді жариялады. 

Соңғы жаңалықтар