Назарбаев - адамзат тарихында қалатын көшбасшылардың бірі және бірегейі ­- өзбек ғалымы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев - адамзат тарихындағы  халқына қиын-қыстау сәтте жол көрсететін бірегей көшбасшы. Осындай ойымен Алматыда өтіп жатқан  «Н. Назарбаев: дәуір, көшбасшы, қоғам» ғылыми практикалық конференциясы барысында Ұлықбек атындағы Ташкент мемлекеттік Университетінің философия факультетінің деканы, профессор Нигина Шермұхамедова бөлісті.

«Адамзат тарихында шешуші сәт туған кезде халқына жол бастай білетін көшбасшылар шығады. ХХ ғасырдың қиын қыстау сәттерінде Нұрсұлтан Назарбаев  өз халқына осындай көшбасшы бола білді.  Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев бастаған ел тек қана тәуелсіз дербес мемлекет емес, экономика, әлеуметтік ахуал, мәдениет, білім беру бойынша өзгелерге үлгі болатын елге айналды. Сананы жаңғырту  ел дамуына тың серпін болары сөзсіз. Өйткені, экономикасын дамытып, рухани дамуына мән бермеген елдің жағдайы қандай болатыны тарихтан белгілі. Ондай елдерде рухани дағдарыс басталады. Мұнда басты басымдық адамдардың интеллектуалдық білімін арттыруға берілген. Бүгінгі конференцияда 25 жылда қандай жетістікке жетуге болатыны жайлы айтылды. Тарихты тұлғалар жасайды. Ондай тұлғалардың бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі мен көшбасшылығы Орта Азия елдері ғана емес барлық әлемдегі елдерге үлгі болып отыр», - деді Нигина Шермұхамедова.

Айта кету керек, кеше Мемлекеттік орталық музейде ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының көшпелі жобасы, көрме ашылған болатын. Бүгін мемлекет басшысының көшбасшылық феноменін, мемлекет қалыптастырудағы ерен еңбегін талқылау бойынша ғылыми конференция өтіп жатыр.

Музейге адамдар әлі де келіп жатыр емес.

Келушілер назарына кітапхананың архив, кітап, музей қорының сирек жәдігерлері, Елбасының жоғары мемлекеттік марапаттары, Құрандар коллекциясы, өзге мемлекет басшыларының қолтаңбасымен кітаптар, Н.Назарбаевтың шет тіліндегі кітаптары қойылды.

Астанадағы Елбасы музейінен 800 түпнұсқа қолжазба, сурет, жеке заттары әкелінді.

Көшпелі көрме Алматыда 2 айдай тұрады. Кейін көрме Қарағанды мен Шымкент қалаларына кетеді.

Соңғы жаңалықтар