Найзағайлы жаңбыр, тұман, күшті жел – сенбіге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстікте жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«14 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде антициклон орналасуына байланыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде құбылмалы ауа райы сақталады – кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман күтіледі, оңтүстікте жел күшейеді», делінген болжамда.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Түркістан, Қызылорда, кей жерлерде Жамбыл, Карағанды облыстарында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау, Алматы облыстарының батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар