+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Найзағай, жел, жаңбыр-бұршақ – Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

2019 жылғы 21 тамыз 01:48
Бөлісіңіз:
Найзағай, жел, жаңбыр-бұршақ – Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктердің болжауынша, сәрсенбі күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның 9 өңірінде ескерту жарияланды Батыс Қазақстанда күн суытады Қазгидромет: Қыркүйектің 21-і күнгі ауа райы болжамы

«21 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, орталық, шығыс бөлігінде жауын жауады, солтүстікте кей жерлерлерде қатты нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай, жел күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі», делінген болжауда.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында дауыл күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Павлодар облысында тұман күтіледі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT