Найзағай, жел, бұршақ: 23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет мамандары 23 мамыр, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында бұршақ жауады.

Республика бойынша күшті жел, батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл соғады.

Павлодар облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар