Найзағай, тұман, көктайғақ: Сенбіге арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтеді, соған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ болады. Солтүстікте - жаяу бұрқасын, ал оңтүстік пен шығыста күн күркірейді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде өңірдің басым бөлігінде жел екпіні 15-20, 25 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарына тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Күндіз жел екпіні - 17-22 м/с.

Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.

Соңғы жаңалықтар