+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Найзағай, күшті жел, аптап ыстық – бес облыс аумағында ескерту жарияланды

2020 жылғы 11 шілде 16:31
Бөлісіңіз:
Найзағай, күшті жел, аптап ыстық – бес облыс аумағында ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 шілдеде еліміздегі бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет: Тамыздың 9-ы күнгі ауа райы болжамы 9 тамызда Нұр-Сұлтанда күн күркіреп, найзағай ойнайды 8 тамыз күні ауа райы құбылмалы болады

12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Сол күні күндіз Петропавлда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

12 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Өңірдің оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Сол күні таңертең және күндіз Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

12 шілдеде күндіз Көкшетауда күн күркіреп, найзағай жарқылдайды.

12 шілдеде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді.. Күндіз 42 градус қатты ыстық күтіледі.

Сол күні күндіз Қызылорда қаласында 40 градус қатты ыстық күтіледі.

12 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз оңтүстікте 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

12 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Сол күні күндіз Шымкентте шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

12 шілдеде күндіз Түркістан қаласында шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT