Найзағай, бұршақ, жел: Еліміздің 9 өңірінде күн бұзылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

21 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылдап, желдің күші секундына 15-18 метрге жетеді.

21 мамырда Алматы қаласында тауда көшкін жүруі мүмкін.

21 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде күн күркіреп, дауыл соғады. Бұршақ жауады. Желдің екпіні - секундына 15-20 метр.

Атырау облысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел қарқыны секундына 15-20 метр болады.

21 мамырда Қостанай облысында күн күркірейді, жел күшейеді. Жел жылдамдығы - секундына 15-18 метр.

Қызылорда облысында найзағай жарқылдайды, жел секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады, желдің екпіні - секундына 15-20 метр.

21 мамырда Павлодар облысында найзағай ойнайды, дауыл соғады. Бұршақ жауып, жел күшейеді. Жел қарқыны - секундына 15-18 метр.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Желдің екпіні - секундына 15-20 метр, күндіз секундына 25 метрге жетеді.

Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға ауа райының күрт құбылуын назардан шығармауды сұрайды. Дауылды ескерту туралы хабарламаға құлақ асып, қажетті сақтық жасау керек. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 және тіпті секундына 30 метрге дейін күшейеді.

Елді мекендерде қауіпсіздік техникасының басты ережесін ұстану керек. Шағын қалалар мен мегаполистерде дауыл кезінде зардап шегу ықтималдығы жоғары болады. Қатты дауыл соққанда үйдегі барлық терезе тығыз жабылуы тиіс. Толық жабылмаған балкон мен лоджиядан қатты жел кезінде сыртқа ұшып кетуі мүмкін барлық затты (құмыра, жәшік, шөлмек және т.б.) алып тастау керек.

Тұрғын үй бұрышындағы балкондарда дауыл кезінде рамасымен бірге терезесі ұшып кеткен жағдай кездеседі. Көшеде дауыл тұрған кезде жарнама қалқандары (және басқа да аспалы құрылымдар), автобус аялдамасы, электр бағанасы мен желісі, сондай-ақ ағаштардан барынша алыс тұрыңыз.

Айналаңызға сақ болыңыз, үстіге құлап кетуі мүмкін заттардан алшақ болуыңыз. Үзілген сымдар мен құлайтын заттарға (ағаштарға) жақындауға болмайды. «Қатты жел соқса ол тыйылғанша жақын маңдағы ғимаратта немесе табиғи ықтасынға жасырыну қажет.

Үлкен ағаштың, әсіресе теректің астына көлік қоюға болмайды, өйткені ағаш немесе оның ірі бұтағы құлап басып қалуы мүмкін. Шіріген және кәрі, сондай-ақ жалғыз тұрған ағаштар да өте қауіпті.

«Үйден шықпаңыздар, жақындарыңызды қорғаңыздар» деп ескертеді комитет.

Соңғы жаңалықтар