Найзағай, бұршақ, жел - 9 маусымға арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 9 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыс және шығыста қатты, тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар