Найзағай, бұршақ – синоптиктер 15 өңірде ескерту жариялады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 28 шілдеде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз желдің екпіні 15 м/с жетеді.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде жел соғып, күші 15-20 м/с жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз өңірдің оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ болжанады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с артады. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында – найзағай, күндіз шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңірдің орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады. Түнде – найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады.

Күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Желдің жалдымдағы 25 м/с жетуі ықтимал. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с артады. Kүндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық болады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Өңірдің оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Желдің екпіні 23 м/с артуы ықтимал.

28-29 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында, 30 шілдеде оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. 28-30 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз 28 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 28-30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар