Найзағай, бұршақ, дауыл – жұмаға арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел, облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі уақытта тұман күтіледі. Еліміздің солтүстік-шығысы мен орталығына антициклон жотасы әсер етеді, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Солтүстікте, батыста, солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, бұршақ, дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай облысының орталығында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі түнде шығыста 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, шығысында 23-28 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының күндіз солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл соғады, түнде солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20 екпіні 23 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ, түнде облыстың батысында – тұман, түнде оңтүстікте, батыста, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында желдің күшеюі 15-20 м/с болады.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 24-29 м/с күшейеді, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-20, облыстың солтүстігінде кейде 23 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, Облыстың батысы мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде батыста, солтүстікте, орталықта, күндіз Атырау облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі, түнде солтүстік-шығыста, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, таңертең және күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар