Найзағай, бұршақ, аптап: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 маусым түнде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, солтүстіктен және солтүстік- батыстан жел соғады. Жел екпіні - 15-20 м/с. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусым күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, дауыл тұрады. Бұршақ жауады . Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел қарқыны - 15-20, екпіні - 25 м/с жетеді.

Өскемен және Семей қалаларында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

24 маусым түнде және таңертең Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел

соғады. Жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

24 маусым күндіз Маңғыстау облысында 39 градус аптап ыстық сақталады.

фото: 24.kz
Соңғы жаңалықтар