«Найман» Давид Хачатрянмен жекпе-жекке келісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жектен танымал қазақстандық спортшы Қуат «Найман» Хамитов армяндық Давид Хачатрянмен кездесу өткізу туралы келіскенін айтты, деп хабарлайды  «SPORTINFORM» САА.

«Біз ұзақ келіссөз жүргізетін боксшылар емеспіз ғой, біз - гладиаторлармыз! Давид Хачатрянмен айқас өткізу туралы келісіп қойдық. Шешімі табылмаған кішігірім мәселелер ғана қалды. Сіздерге хабар беріп отырамын», - деді Қуат «Найман» Хамитов.

Еске салайық, бірер күн бұрын Инстаграм желісінде Хачатрян Хамитовке «пікір білдірудің орнына, жылқының етін жеуге» кеңес берген. Кейін Найман армяндық Давид Хачатрянға жауап қайтарған болатын, артынан Fight Nights-ке екеуінің арасында жекпе-жек өткізуге өтініш білдірген.

Барлық «дайындық» процесі 4 күнге созылды. 

Соңғы жаңалықтар