«Найман» әлем чемпионы атағы үшін кіммен айқасады
2017 жылғы 10 наурыз 08:31

«Найман» әлем чемпионы атағы үшін кіммен айқасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 сәуір күні Владивостокта аралас жекпе-жек шебері, «Alash Pride KZ» кәсіби жекпе-жек клубының мүшесі Қуат Хамитов (70,3 келіге дейін) Fight Nights нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін ресейлік Магомедсайгид Алибековпен айқасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Найман» лақап атымен танымал отандық спортшымыз Инстаграмдағы өзінің жеке парақшасында жазды.

Алибеков - әскери қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері атағына кандидат, ММА бойынша спорт шебері, әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша РФ Қарулы күштерінің екі дүркін чемпионы, әскери қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы, ММА-дан Алысшығыс федералды округі чемпионатының жеңімпазы, грепплингтен Ресейдің күміс жүлдегері.

Хамитов пен Алибековтің салмақтары шамалас - 70 келіден. Магомедсайгид Қуаттан екі жас кіші, ол - 27 жаста.

Алибеков бүгінгі күнге дейін 7 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 2001 жылдың мамыр айынан бергі Хамитовтың статистикасы - 17-4-1.

Jańalyqtar

MURAǴAT