«Науырзым» ба, әлде «Наурызым» ба?

None
None
  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Қостанай облысында Науырзым ауданы мен Науырзым қорығы бар. Бірақ бүгінде халық арасында және кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында олардың атауы Наурызым деп жазылатынын көзіміз шалады. Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өлкетанушылар мен тарихшыларға жүгінді.

Қазақ елінің де жер-су атаулары сан ғасырлық тарихты сыр шертеді. Ел басынан өткен қилы уақыттарда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, тіпті, ұмыт болуына байланысты жер атауларын зерттеу әлі де өзекті мәселелердің бірі. Расымен де, географиялық атаулардың түпкі мағынасы жұртты ертеден-ақ қызықтырып келеді. Мәселен, Қостанай облысында, қала берді, бір ғана Науырзым ауданында шығу төркіні белгісіз бірнеше жер-су атауы бар. Атап айтсақ, Науырзым, Балтайсор, Бошай, Босқасқа, Інқұдық, Саралжын, Тірсек атауларының тарихын сұраса, табан астында жауап бере алмай, аңтарылып қалатынымыз рас. Айта кетейік, әкімдіктің ресми сайтында аудан атауы Науырзым деп жазылған.
null

Айта кетейік, әкімдіктің ресми сайтында аудан атауы Науырзым деп жазылған. Сондай-ақ, 2008 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енгізілген Науырзым қорығы да ресми түрде «Науырзым» деп аталады.

Елге белгілі өлкетанушы Молдияр Серікбайұлының жазуынша, Науырзым атауы қалмақтың «намырзын» сөзінен пайда болуы мүмкін.  Бұл сөз қазақ тілінде «күзек» деген мағынаны білдіреді-міс. Өлкетанушы «Қостанай облысының тарихи топонимикасы» кітабын алға тартады. Оның бұл пікірін тарих ғылымының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы да қоштайды.
null

«Қазіргі Науырзым ауданының аймағында 1601-1660 жылдары қалмақтар көшіп-қонған. Болжам бойынша, бұл топонимнің мағынасы күзектегі қарағайлы белдеуге саяды. Бұдан бөлек, 1977 жылы шыққан қалмақ-орыс сөздігінің 365-бетінде «навырзым» сөзі кездеседі.

Ол біздің «күзек» деген сөз. Өкініштісі, облыс аумағында қаншама қазақы жер атаулары бүгінде пайдаланудан шығып қалды. Көбінің түп атауларына аса мән бере бермейміз. Мысалы, Торғайда Тосын құмы деген жер бар. «тосын» сөзі қалмақ тілінен «құм» деп аударылады. Сонда, «құмның құмы» деген негізсіз тіркес пайда болады», - дейді А.Күзембайұлы.

Науырзым ауданының тұрғыны, белгілі тіл жанашыры Жаңбыршы Тілеуғабыловтың сөзіне қарағанда, ертеде бұл өлкеде Науырзым есімді адам тұрған. Аудан атауы сонымен байланысты болуы тиіс. 

«Мен білетін деректер бойынша, Науырзым деген байдың Қарамеңді (кей деректерде Сарымойын) атты ұлы болған. Ал Аманқарағай орманын Аман деген байдың әулеті жайлапты. Күндердің бір күнінде Аманқарағайдағы жесір мен жер дауын Данабике деген қыз шешіпті. Содан бастап, Данабике Аман бидің көзіне түседі. Сөйтіп, Аман би Данабикені  жарты жылдай баулып, би етіп сайлайды. Бірде Науырзым байдың ұлы дау үстінде Данабикені көріп, ғашық болып қалған деседі. Бірақ, олардың тағдыры қайғылы аяқталады. Аманқарағай, Науырзым, Тірсек ормандары мен Данабике өзені, Cарымойын көлі қазірге дейін дәл осылай аталады. Мен Науырзым атауына байланысты деректерді атақты Мұхтар Әуезовтің хатшысы болған Данабике Қаралдинадан естідім. Ол тұңғыш қазақ стенографисі ретінде белгілі», - деді Жаңбыршы Тілеуғабылов.
null

Өлкетанушы Қуаныш Орманов өзінің «Ел мен жер және тұлғалар тарихы» атты кітабында «Науырзым» атауының шығу төркініне байланысты былай деп мәлімет береді:

«Өз заманында бұл аймақта Бірінші Наурызым және Екінші Наурызым деген болыстар болған. Тарихи зерттеулер бұл өлкенің сонау тас дәуірінен бастап адамдар мекен еткенін дәлелдейді. Ол жөнінде 1945 жылы Наурызымға келген Москва мемлекеттік университетінің зоология экспедициясының басшысы А.Формозов дерек қалдырған. Бұған қоса, Ахмет Байтұрсыновтың «Ақ жол» еңбегінде Наурызым атауы су көп жиналатын алқап ретінде келтіріледі», - дейді өлкетанушы.    
null

Ал бүгінгі Науырзым ауданының тұрғыны Есілбай Жантөренің пікірін тыңдасақ, қазір аудан атауы қате айтылып жүр. Себебі, «Науырзым» сөзі адам атымен қабыспайды. Ол қазақы жыл басы - Наурызға байланысты айтылады. Тұрғынның айтуынша, біздегі ономастика мен топонимиканы зерттейтін ғылым әлі бір жүйеге келтірілмеген. Сондықтан түрлі энциклопедиялар мен ғаламтор беттерінде аудан мен қорық «Наурызым» деп аталады.

Ал бүгінгі Науырзым ауданының тұрғыны Есілбай Жантөренің пікірін тыңдасақ, қазір аудан атауы қате айтылып жүр. Себебі, «Науырзым» сөзі адам атымен қабыспайды. Ол қазақы жыл басы - Наурызға байланысты айтылады. Тұрғынның айтуынша, біздегі ономастика мен топонимиканы зерттейтін ғылым әлі бір жүйеге келтірілмеген.

Сонымен, аудан атауына байланысты туындаған мәселеде тарихшылар, өлкетанушылар мен тұрғындардың пікірі екіге жарылады. Қазақстанның ұлттық картографиялық-географиялық қоры жер-су атауларының деректер қорын жинауға 2001 жылы ғана кірісті десек, алда атқарылар шаруаның аз емес екендігі белгілі.

null

Соңғы жаңалықтар