Наурызым қорығындағы Қарамайшы шатқалында өрт болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Наурызым қорығының аумағында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 11 мамырда Наурызым ауданында Қарамайшы шатқалында болған.

«Алдын ала болжам бойынша, 10 гектар аумақта құрғақ шөп өртенген. Өрттің таралу қаупі жоқ. Сөндіру жұмыстары жалғасуда»,- делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Өртті сөндіруге облыстың ТЖ департаментінің және Науырзым қорығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Тағы бір ірі табиғи өрт Қарабалық ауданы Есенкөл ауылында болды. Михайловка орман шаруашылығы мекемесінің аумағында құрғақ шөп өртенді. Өрттің нақты себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар