Наурызда инфляция алғаш рет 18 пайызға дейін төмендеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылдың наурызында ақпанмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмендеп, 0,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,1%, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 0,8% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, наурызда қызанақтар – 12,7%, тәтті бұрыш – 4,9%, қырыққабат – 4,5%, қызылша 3,6% қымбаттаған.

Баға өсімі күрішке – 3,4%, салқындатылған сусындарға – 3,3%, майлылығы 2,5% айранға – 3,0%, ультрапастерленген сүтке – 2,8%, банандарға – 2,2%, сиыр етіне және қышқыл сүт өнімдеріне – 2,1%-дан, сары майға – 1,4%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға, кондитерлік өнімдерге 1,3%-дан байқалды.

Қияр – 7,3%, қант – 2,1%, қарақұмық жармасы - 2% арзандады.

Азық-түлік емес тауарлардың ішінде наурызда бағаның ең көп өсуі жиһаз және үйге қажетті заттарға – 2,3%, жеке қолданылатын тауарларға 1,3% байқалды.

Мәселен, өткен аймен салыстырғанда электр аспалы шамы – 4,3%, кілем – 2,5%, диван-төсек – 2,4%, орындық 2,2% өсті.

Жеке қолданылатын тауарлар ішінде дезодорант – 2,5%, дәретхана қағазы – 1,9%, иіс сабын – 1,7%, тіс щеткасы – 1,5%, шашқа арналған бояу 1,3% қымбаттады.

Қызмет көрсету бойынша бағалардың өсуі денсаулық сақтау қызметтеріне 1,7% болды.

Стоматологиялық қызметтер – 1,8%, медициналық зертханалар қызметтері 1,1% қымбаттаған.

Бағаның жоғарылауы жолаушылар темір жол көлігі қызметтеріне – 3,7%, шаштараз бен сұлулық салондарына – 2,5%, үй жөндеу және қызмет көрсетуге 0,7% тіркелген.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Алматы облысында – 1,5% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – Астана қаласында 0,4% тіркелді.

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларына ең жоғары баға Алматы облысында – 2,2%, азық-түлік емес тауарлар – Маңғыстау және Қарағанды облыстарында 1,1%-дан, ақылы қызметтер Түркістан облысында 2,0% өсті.

2023 жылғы наурызда жылдық мәнде инфляция деңгейі 18,1% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 20,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 18,1%, ақылы қызметтер 14,4% өсті.

2022 жылғы наурызбен салыстырғанда шақпақ қант – 77%, кір сабын – 73,3%, кеңсе тауарлары – 72,8%, балалар сабыны – 55,6%, басты пияз – 55,1%, ыдысты жууға арналған құралдар – 53,9%, кептірілген өрік – 53,6%, дәретхана қағазы 49,5% қымбаттады.

Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат 51,1% арзандады.


Соңғы жаңалықтар