+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Наурызда Елбасының қатысуымен «Nur Otan» саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

2020 жылғы 31 қаңтар 13:11
Бөлісіңіз:
Наурызда Елбасының қатысуымен «Nur Otan» саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Наурызда Елбасының қатысуымен партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің алқа мәжілісінде «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
AntikorLive: Кәсіпкерлерді қолдаудың дағдарысқа қарсы бағдарламасы жасалуда Қостанай әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін «Астана АЭК» лауазымды тұлғалары тергеуге алынды

«Nur Otan» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді. Мәселен, 2014 жылы партияның саяси кеңесінде қоғамдық талқылаудан соң, 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы қабылданды. Кейіннен бағдарлама Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізі болды. «Nur Otan» партиясы фракциясының бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық кеңестер туралы және басқа да заңдар қабылданды. Бүгінде 80 пайыздан астам мемлекеттік қызмет автоматтандырылды, еліміздің барлық аймағында халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді, цифрлық технологиялар енгізілуде. «Бір терезе» қағидаты бойынша құқық қорғау қызметтерінің орталықтары ашылуда», - деп тоқталды Б. Байбек агенттіктің 2019 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде.

Осы орайда ол партияның барлық деңгейдегі ресурстары қоғамда жалпы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанын айтты.

«Партия тұрақты негізде жұртшылықты қатыстыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесін өз алаңдарында жариялы түрде талқылайды. Биыл наурызда Елбасының қатысуымен партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіледі. Қаралатын мәселелердің бірі – партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы және партияішілік тәртіпті сақтау жайы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бағдарламаның бірінші кезеңінің жүзеге асырылу қорытындысы шығарылады. Биыл біз партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының 2025 жылға дейінгі екінші кезеңін іске асыруды бастаймыз», - деді Бауыржан Байбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT