Наурызда 25 мың тонна ресейлік мұнай Қазақстан арқылы Өзбекстанға жеткізіледі

None
Фото: reuters.com
АСТАНА. ҚазАқпарат -«ҚазТрансОйл» АҚ наурыз айында 25 мың тонна ресейлік мұнайды Өзбекстанға тасымалдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесі бар.

Оған сәйкес наурыз айында «ҚазТрансОйл» АҚ 25 мың тонна ресейлік мұнайды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына жеткізеді.

Мұнай «Омбы - Павлодар - Шымкент - Шағыр мұнай құю тірегі» (темір жол цистерналарына тиеу) арқылы тасымалданады.

2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі арқылы Өзбекстанға ресейлік мұнай транзитінің жалпы жоспарлы көлемі - 250 мың тонна.


Соңғы жаңалықтар