НаурызChallenge: Қостанайлық жастар ардагерлерге қолғабыс етуде

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық жастар ардагерлердің үйлеріне барып, қолғабыс етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында #НаурызChallenge қайырылымдылық акциясы басталған болатын. Мұндағы мақсат - жақсылық жасауға үндеп, өзгерелерді мейірілімділік танытуға шақыру. Игі істерге шақыратын бастама шеңберінде ел көлемінде түрлі шаралар жүзеге асып, көпшілікке үлгі болуда.

Аталмыш акция аясында Таран ауданында көмекке мұқтаж отбасыға жергілікті кәсіпкер үйдің кілтін тапсырған еді.

null Жақсылыққа толы шараны қостанайлық бір топ жас іліп әкетті. Жастар акция аясында соғыс ардагері Фагима Сайбаталованың үйіне барды. Көпті көрген кейуананың жасы бүгінде 94-те. Жүріп-тұруы қиындау. Сол себепті жастар үй ауласын қардан тазартып берді. Ал қалалық мәслихат депутаты Алексей Ефремов азық-түлік қоржынын сыйға тартты.

Сондай-ақ, Қарабалық ауданында да #НаурызChallenge акциясы шеңберінде еріктілер екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Михаил Лопатконың үйінде болды. Агротехникалық колледжінің студентері қарт майдангердің үйін қардан тазартты.null

Жалпы алғанда, #НаурызChallenge қайырымдылық науқаны кең көлемде қостанайлықтар тарапынан қолдау тапты. «Nur Otan» партиясының өкілдері осындай игі бастамаға қолдау танытатындардың қатары артса дейді. Акцияға қатысу оңай. Әлеуметтік желілелерде отыратын азаматтар #НаурызChallenge хэштегімен суреттер мен бейнематериал жүктесе болғаны. Ал көмекке мұқтаж азаматтардың тізімін «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінен алуға болады.

Соңғы жаңалықтар