#НаурызChallenge: Қостанайлық кәсіпкер цифрлы технологиялар кабинетін ашты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Таран ауданында цифрлы технологиялар кабинеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Цифрлы технологиялар кабинеті IT саласын меңгеруге бір қадам жақындатады. Енді Қостанай облысының Таран ауданында роботехника саласын меңгеремін дейтін оқушылардың саны одан әрі арта түспек. Себебі Асенкритов орта мектебінде «Nur Otan» партиясының 20 жылдығы мен «Наурыз» мерекесіне орай заманауи IT-технология кабинеті ашылды.

«Цифрлы кабинет ашу үшін Асенкритов орта мектебі арнайы таңдап алынды. Бұл мектепке аудандағы барлық мектеп оқушылары лезде келе алады. Ауылдармен арақашықтығы тең. 2,5 млн теңгеден астам қаражат кабинетті арнайы құрылғылармен жабдықтауға жұмсалды. Бұл Наурыз мерекесі қарсаңында оқушыларға жасалған арнайы сыйлық», - дейді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Ерболат Аханов.

Замануаи оқу кабинетін «Майлин» ЖШС директоры Владимир Бушкин ашып берді. Ол Асенкритов бастауыш партия ұйымын басқарады. Цифрлы технологиялар кабинетінде 11 ноутбук, проектор, интерактивті тақта, робототехникаға арналған жабдықтар бар.

null null

Ал былтыр меценаттардың қаражаты есебінен облыста жалпы құны 172,2 миллионға 21 IT-технология кабинеті ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар