Наурызбай Байқадамов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы әкімдігінде бірқатар тағайындау жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Н. Байқадамов 1967 жылы туған. Н. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген, тарих ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің академиялық доценті. Еңбек жолын 1991 жылы Сырдария ауданындағы №139 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 1994-2003 жылдары – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі. 2003-2008 жылдары – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жанындағы колледж директоры, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры, Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы болды

Сондай-ақ, облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ғ. Әміреев 1970 жылы туған. Мәскеу экономика-статистикалық институты мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын «Қызмет» акционерлік қоғамының менеджері ретінде бастаған. 2001-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, сондай-ақ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы Инновациялық саясат департаментінің директоры, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған. 2016 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Жаңақорған ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар