Наурызбай ауданында мемлекеттік кіріс басқармасы ашылды - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданында жаңадан ашылған мемлекеттік кіріс басқармасында болды.

Орталық 1600 шаршы метр аумақта орналасқан. Мұнда барлық санаттағы азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға да бар жағдай жасалған.

«Орнатылған жүйе жаңа. Медеу, Алмалы аудандарының басқармаларында осыны қолданатын боламыз. Мұнда модератор, анықтама терезесі, кеңес берушілер отырады. Тіркелген заңды тұлғалардың саны 1079, жеке тұлғалардың саны - 3000», - деді аудандық департаменттің басшысы Жандос Дүйсембиев.

Ғимаратта «Қазпоштаның» бөлімшесі орналасқан. Мұнда 40 мыңға жуық зейнеткер зейнетақысын алады.

Бұл нысанды ашу Алматының даму бағдарламасының 7-ші басымдығы «Бейімделген қала» пунктын жүзеге асыру бағытында жасалды.

Аталған басымдық жаңадан қосылған аймақтардың қалаға тезірек бейімделуін қамтамасыз етпек.

Қазіргі таңда құзырлы органдарға 2232 өтінім түсті, 1565 нысан заңдастырылса, қалғанын қарау келер жылға қалдырылды.

Наурызбай ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаевтың айтуынша, қазір ауданда инженерлік желілерді орнату жұмыстары жүріп жатыр. 2016 жылдың алғашқы жартысында су құбыры мен кәріз жүйесін толық енгізу жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар