+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Наурыз тойлау біздің қанымызда бар - Гүлбахша Мұсабаева

2019 жылғы 21 наурыз 14:54
Бөлісіңіз:
Наурыз тойлау біздің қанымызда бар - Гүлбахша Мұсабаева

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы, заң ғылымдарының кандидаты Гүлбахша Мұсабаева ҚазАқпарат тілшісіне Солтүстік Қазақстанда өтетін Наурыз мерекесінің ерекшеліктері туралы айтып берді.

Наурыз мейрамын солтүстікқазақстандықтар жылы күнді күтпей-ақ тойлай береді. Мұнда наурыз айы келсе де жерде қар жатады, аяз да болады. Г. Мұсабаеваның айтуынша, бұл - солтүстіктегі Наурыздың бірінші ерекшелігі.

«Наурыздың келгенін білдіретін жасыл желек, жылғалар, құстардың әні сияқты табиғат құбылыстары бізге әлі жеткен жоқ. Дегенмен Наурызды тойлау біздің қанымызға сіңгендіктен, тура көктем келгендей қарсы аламыз. Табиғат ояна бастағанын жан-тәнімізбен сезінеміз. Бұл күн көктемгі күн мен түннің теңелуі», - дейді Г. Мұсабаева.

Барлық өңірде Наурызды тойлауға ерте бастан дайындық жүреді.

«Ежелден қазақ халқы Наурызға дейінгі жеті күнді оған мейрамға дайындалып, тұрмысты ретке келтіруге арнап келген. Бұл кезде мейрамға, қонақтарға арнап көрпелер тігіледі. Солтүстіктегі Наурыздың тағы бір ерекшелігі сол, мұнда оңтүстіктегі секілді өсімдік әліптес бедерлер көп емес, есесіне киіз үйлерді безендіруге теріден жасалған бұйымдар көбірек пайдаланылады», - дейді ол.

Наурыз қарсаңында туыстармен бас қосып, мерекені тойлау жоспарын ақылдасады.

«Біздің облыста Наурыз күндері шаңырақ көтеріп, той өткізу дәстүрі сақталған. Күн мен түн теңелген тұста отау құрудың символдық мәні бар. Көпшілік тұсау кесер тойын өткізеді - осының бірі біздің өңірдің Наурызды тойлау ерекшелігі», - дейді Г. Мұсабаева.

Оның айтуынша, Наурыз барлық ұлттар мен ұлыстардың басын қосып, ынтымағын жарастыратын маңызды мейрамға айналған.



Автор: Олеся Жуковень

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT