Наурыз татулық пен достықтың жаршысы, жақсылықтың бастамасы - Рафаил Сулькарнаев

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Барша қазақстандықтарды еліміздегі татулық пен достықтың жаршысы, жақсылықтың бастамасына айналған қастерлі Ұлыстың Ұлы күні - әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын.

Наурыз мейрамы әр отбасына бақыт, ырыс-ынтымақ әкелсін. Тәуелсіз Қазақстанда халықтар арасындағы мызғымас достық мәңгі жасай берсін!»,-дейді Ақмола облысындағы «татар және башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулькарнаев.
Оның айтуынша, Ұлыстың Ұлы күні адамзат баласының бір-біріне ақ ниет, игі тілектер тілеп, елдің ынтымағы мен бірлігін асқақтату парызы.
«Бүгінде Егемен елде азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім басты құндылыққа айналып отыр. Біздің Ақмола облысында да сан ұлттың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп, еліміздің бүгіні мен болашағы үшін қажырлы істер атқарып жатыр. Осы орайда, өңірдегі түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін қайта жаңғыртуда Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының рөлі орасан зор. Менің бұл сөзіме облысымыздағы барлық этномәдени бірлестік мүшелері де қосылады деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда Ақмола облысы аумағында 15 мыңға жуық, облыс орталығында үш мыңға жуық татарлар мен башкұрттар тұрады. Қазір қасиетті қазақ жерін мекендейтін жергілікті ұлт пен татар, башқұрт ұлыстарының ауызбірлігі жарасып, бейбіт өмір сүруде.
Сондықтан, осы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және еліміздегі татулық пен достықтың жаршысы, жақсылықтың бастамасы айналған қастерлі Ұлыстың Ұлы күні - әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Наурыз мейрамы әр отбасына бақыт, ырыс-ынтымақ әкелсін. Егеменді елімізде халықтар арасындағы мызғымас достық мәңгі жасасын!», - дейді Рафаил Сулькарнаев.

Соңғы жаңалықтар